09 мамыр 2022 | 19:17

Қазақстан мен Мальдив визасыз режим туралы келісімге қол қойды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қазақстан мен Мальдив визасыз режим туралы келісімге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан мен Мальдив визасыз режим туралы келісімге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

"Мале, 2022 жылғы 9 мамыр - Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мальдив Республикасының Үкіметі арасында визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойылды, бұл екі елдің азаматтарына Қазақстан мен Мальдивтер аумақтарына 30 күннен аспайтын мерзімге келуге және онда болуға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Дегенмен Сыртқы істер министрлігі жұмысқа орналасу, білім алу немесе іскерлік мақсатта кіруге ниет білдірген адамдар тиісті визаны ресімдеуі қажет екенін хабарлады. 

Реклама
Реклама

2021 жылғы қазан айында Қазақстан мен Мальдив өз азаматтарына екі елдің шекараларын өту кезінде COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар ПТР анықтамаларын беру міндеттемесінен босататын вакцинация паспорттарын өзара мойындағаны мәлім.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная