ПОДЕЛИТЬСЯ
10 сәуір 2021 | 15:37
Қазақстан мен Өзбекстан жаңа жобаны іске қосты
Бүгін Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы "Жібек Жолы" өткізу пункті маңында Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин мен Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов келіссөз жүргізіп, "Орталық Азия" Халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығының (ХСЭЫО) құрылысы жүргізілетін жерге капсула салу рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы "Жібек Жолы" өткізу пункті маңында Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин мен Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов келіссөз жүргізіп, "Орталық Азия" Халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығының (ХСЭЫО) құрылысы жүргізілетін жерге капсула салу рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Тараптар Қазақстанның Өзбекстанмен сауда-экономикалық, инвестициялық, ауыл шаруашылығы, транзиттік-көлік, туристік, ғарыш салаларындағы, өнеркәсіптік кооперациядағы, трансшекаралық су ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғаудағы, сондай-ақ аймақаралық және шекара маңы ынтымақтастығындағы өзекті мәселелерді талқылады.
Автомобиль жасауда, АӨК өнімдерін қайта өңдеуде, сондай-ақ жоғары жылдамдықты "Түркістан-Шымкент-Ташкент" теміржол магистралын салуда бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Келіссөз қорытындысы бойынша Мамин мен Арипов "Орталық Азия" ХСЭЫО қызметін ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына, сондай-ақ теміржол көлігін дамыту жөніндегі бірлескен іс-қимыл туралы хаттамаға қол қойды.
"Орталық Азия" ХСЭЫО "Жібек Жолы" (ҚР) және "Гишт Куприк" (ӨР) өткізу пункті ауданында орналасады. Орталықтың жалпы аумағы - 400 гектар, өткізу мүмкіндігі 35 мың адам және екі бағытта тәулігіне 5 мың жүк көлігі.
Қазақстан тарапы Өзбекстанның Сухандария және Ферғана облыстарында үш көтерме-тарату орталығын ашу арқылы ҚР мен ӨР арасында бірыңғай тауар өткізу жүйесін құруға қызығушылық білдірді, оның жалпы инвестиция көлемі 22,5 миллион доллар және ауыстырып тиеу қуаты жылына 67 мың тонна болады.
Жұмыс сапары аясында ҚР премьер-министрі Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы жаңғыртылған "Б. Қонысбаев" өткізу пунктіне барды. 2019 жылғы шілдеден 2020 жылғы желтоқсан аралығында жүргізілген реконструкциядан кейін оның құрылыс алаңы 2 есе 6 гектарға дейін, қозғалыс жолақтарының саны 2-ден 6-ға дейін, паспорттық бақылау кабиналарының саны 6-дан 16-ға дейін ұлғайды, заманауи инспекциялық-тексеріп қарау кешендері орнатылды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде пункттің өткізу мүмкіндігі екі бағытта тәулігіне 150-ден 1 мың автомобильге дейін, 6 еседен астамға өсті, өту уақыты 60 минуттан 25 минутқа дейін 2 есеге қысқарды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также