12 ақпан 2022 | 16:50

Қазақстан мен Ресей COVID-19 жұқтырғандар мен жазылғандар туралы мәліметтерді алмасады - министрлік

Фото:gov.kz

Қазақстан мен Ресей COVID-19 жұқтырғандар мен жазылғандар туралы мәліметтерді алмасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан мен Ресей COVID-19 жұқтырғандар мен жазылғандар туралы мәліметтерді алмасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап. 

Қазақстан мен Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрліктері вакцинация паспорттарын өзара тану алгоритмін келісті.

"Қазіргі уақытта COVID-19-дан вакцинацияланған және ауырып жазылған адамдар туралы мәліметтер алмасу бөлігінде ақпараттық жүйелердің интеграциясы жүріп жатыр.

Осы мәселе бойынша тараптар арасында келіспеушіліктер жоқ", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ресейлік әріптестерімен бірлесіп вакцинация туралы құжаттарды тану шарттары мен тәртібін, ақпараттық жүйелердің техникалық мүмкіндіктері мен жұмысын қарастырған болатын.

Еске салайық, Ресей Федерациясымен вакцина паспорттарын өзара тану қажеттілігі мәселесі бірнеше рет жоғары деңгейде көтеріліп, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі екіжақты тәртіпте, сондай-ақ ТМД, ЕАЭО алаңдарында талқыланды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная