02 мамыр 2022 | 19:53

Қазақстан мен Ресей үкіметтерінің басшылары телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Үкімет басшылары сауда-экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ өнеркәсіп, көлік-логистика, энергетика және өзге де маңызды салалардағы өзара іс-қимыл келешегін талқылады.

Бұған дейін Әлихан Смайылов Бішкекке жұмыс сапары аясында Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен кездескені хабарланған. Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Қырғызстан стратегиялық әріптестігінің даму перспективаларын талқылады, атап айтқанда, сауда-экономикалық, инвестициялық және шекара маңы ынтымақтастығын нығайтуға ерекше назар аударған.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная