26 наурыз 2021 | 13:42

Қазақстан мен Ресей вице-премьерлері екіжақты ынтымақтастықты талқылады

Фото: Primeminister.kz

Қазақстан мен Ресей вице-премьерлері өнеркәсіптік кооперация саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан мен Ресей вице-премьерлері өнеркәсіптік кооперация саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәскеуде ҚР премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Юрий Борисовпен келіссөз жүргізді.

Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминнің 22 наурызда өткен Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесуінің қорытындысы бойынша уағдаластықтарды дамыту аясында вице-премьерлер Қазақстан-Ресей өнеркәсіптік кооперациясы саласындағы бірлескен іс-қимыл бағдарламасы шеңберіндегі екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін қарастырды.

Реклама
Реклама

Тараптар бұрын келісілген жобаларды іске асыруды жеделдету жөніндегі ағымдағы жағдай мен бұдан кейінгі қадамдарды талқылады. Сондай-ақ, Қазақстандағы өнеркәсіптік кооперацияның жаңа перспективалық жобаларын зерделеу арқылы инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралды.

Бұдан арғы бірлескен жұмыс туралы айта отырып, өзара тиімді экономикалық ынтымақтастық қағидаттарына, өнеркәсіп, сауда-экономикалық, инвестициялық салаларда неғұрлым тығыз өзара іс-қимыл жасау үшін қосымша мүмкіндіктер тудыру бойынша бірлескен шараларды іске асыруға өзара шарттар айтылды.

Кездесуге қатысушылар Қазақстан мен Ресей арасындағы үкіметаралық диалогтың тиімділігі мен қажеттілігін атап өтіп, өзара байланыстардың жоғары қарқынын сақтауға келісті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная