23 мамыр 2024 14:13

Қазақстан мен Сингапур студенттер алмасуға келісті

Фото:depositphotos.com / @zdl

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Республикасының президенті Тарман Шанмугаратнаммен келіссөз жүргізді. Тараптар студенттер алмасу бойынша елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға келісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Кездесуде білім және ғылым саласындағы қарым-қатынасты нығайту, оның ішінде жоғары оқу орындары арасындағы кооперацияны арттыру, студенттер алмасу және тағы басқа мәселелерге ерекше назар аударылды", - делінген хабарламада.

Кейін Сингапурда Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Сингапур Республикасының Білім министрлігі арасында жоғары білім саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram