12 қазан 2022 | 18:19

Қазақстан мен Түркия тарапы бірлескен мәлімдемеге қол қойды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: t.me/bort_01

Мемлекеттер басшылары Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына байланысты Бірлескен мәлімдемеге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекеттер басшылары Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына байланысты Бірлескен мәлімдемеге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Сонымен қатар президенттердің қатысуымен ресми делегациялардың мүшелері мынадай құжаттарға қол қойды:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

Реклама
Реклама

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы ветеринариялық қызметтер көрсету саясаты және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі арасындағы музей ісі, ескерткіштерді қорғау және реставрациялау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

4. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

5. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен Түркия Республикасының Сауда министрлігі арасындағы техникалық реттеу, стандарттау, метрология, аккредиттеу және сәйкестікті бағалау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

6. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Түркия Республикасының Отбасы істері, еңбек және әлеуметтік қызметтер министрлігі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная