Қазақстан мұнайшылары вакцинадан бас тартып жатыр - БАҚ

Фото: Тengrinews.kz

Қазақстан мұнай өндіруші кәсіпорындары қызметкерінің 90 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина салдырудан бас тартты, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Қазақстан мұнай өндіруші кәсіпорындары қызметкерінің 90 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина салдырудан бас тартты, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Телеарна мәліметіне сүйенсек, вахта қызметкерлерінің екпе салдырудан бас тартуына ауысымға түсер алдында оқшауда болып, сол кезеңде үстемақы ала алмай қалуы себеп болған.

"Олар іссапарда Еңбек кодексіне сәйкес белгіленген уақыттан көп уақыт өткізсе жалақыға қосымша ақы алады. Бұл жағдайда вакцинациялау олар үшін тиімсіз. Өйткені жоғары коэффициенттер болмайды", - дейді Мұнай сервистік компаниялар одағының төрағасы Рашид Жақсылықов

Реклама
Реклама

Рашид Жақсылықовтың айтуынша, бұл Теңіз кен орнында бірқатар жұмысты тежейді.

Айта кетейік, мұнай өндіруші компания нысандарына қазірдің өзінде препараттың 90 мыңға жуық дозасы жеткізілген. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама