ПОДЕЛИТЬСЯ
27 шілде 2022 | 16:18
Қазақстан неге коронавирусқа қарсы дәрі сатып алмайды? ДСМ жауабы
Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова Қазақстан неге коронавирусқа қарсы сертификатталған дәрілерді сатып алмайтынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова Қазақстан неге коронавирусқа қарсы сертификатталған дәрілерді сатып алмайтынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Денсаулық сақтау министрлігі "Паксловид" (Paxlovid) сияқты коронавирусқа қарсы сертификатталған дәріні сатып алуды жоспарлап отыр ма" – деп сұрады журналист брифингте.
"Иә, қазір клиникалық хаттамаларды әзірлеушілер бұл бағытта белсенді жұмыс істеп жатыр. Әлемде коронавирусты емдеу үшін қолданылатын бірқатар дәрі-дәрмек бар екенін анықтап, зерттеп жатырмыз. Бірақ бұл препараттар зерттеудің барлық кезеңінен өткен жоқ. Бірқатар елдер жағдайға байланысты дәрі-дәрмектерді шұғыл қолдану бойынша ұсыныстар береді. Қазір клиникалық хаттаманы әзірлеушілер белсенді жұмыс істеп жатыр. Жақын арада нәтижелерді жариялаймыз", - деді Есмағамбетова.
Оның айтуынша, нәтиже бір ай ішінде шығады.
Еске салайық, 2021 жылға наурызда америкалық Pfizer фармацевтикалық компаниясы COVID-19-ды емдеуге арналған вирусқа қарсы Paxlovid препаратын адамдарға сынақтан өткізуді бастады. Pfizer мәліметінше, алдын ала клиникаға дейінгі тестілеу препараттың SARS-CoV-2, сондай-ақ басқа коронавирустарға қарсы өте күшті белсенділігін көрсетті. 2021 жылғы қарашада Pfizer "Паксловид" клиникалық сынақтарда жақсы нәтижелер көрсеткенін жариялады. Енді бұл COVID-19 инфекциясын емдеу үшін FDA мақұлдаған алғашқы пероралды дәрі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также