Қазақстан неге мерзімді қызметтен бас тартпайды? Қорғаныс министрлігі түсіндірді

Қазақстан неге мерзімді қызметтен бас тартпайды? Қорғаныс министрлігі түсіндірді Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру науқаны жалғасып жатыр. Қорғаныс министрлігі мерзімді қызметтегі сарбаздардың ең алдымен қайда жіберілетінін және Қазақстан нелге мерзімді қызметтен бас тартпайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру науқаны жалғасып жатыр. Қорғаныс министрлігі мерзімді қызметтегі сарбаздардың ең алдымен қайда жіберілетінін және Қазақстан нелге мерзімді қызметтен бас тартпайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабековтің айтуынша, шақырылушылар ең алдымен Мемлекеттік күзет қызметі мен ҰҚК Шекара қызметіне жіберіледі. Ол әскерге шақыру науқаны 17 наурызда басталғанын еске салды.

"21 мыңнан аса адамды әскерге шақыру жоспарланған. Оның ішінде 11 мыңнан астамы Қарулы күштер қатарына қосылады. Күзгі науқанда шамамен 20 мың адамды шақыру көзделіп отыр", - деді Мұстабеков.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ министрдің орынбасары елде армияны жасақтаудың аралас жүйесі - келісімшарт бойынша және мерзімді қызмет түрі жұмыс істейтінін айтты.

"Қазіргі уақытта барлық заманауи мемлекеттерде келісімшарт бойынша қызмет те, мерзімді қызмет те бар. Бізде мерзімді қызметтегі сарбаздар небәрі 30 пайыз болады - бұл болашақта мемлекетіміздің резерві. Сондықтан қазіргі уақытта мерзімді қызметтен толықтай бас тарту мүмкін емес", - деді ол.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама