14 ақпан 2023 13:22

Қазақстан неге сырттай оқытудан бас тартты?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстан сырттай оқытудан неге бас тартқанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстан сырттай оқытудан неге бас тартқанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет кулуарында министр бұл мәселеге қатысты пікір білдірді.

"Біз сырттай оқудан бас тарттык. Сапа, өкінішке қарай, едәуір зардап шекті. Қазір университеттерге рұқсат бере бастаған жалғыз нәрсе – гибридтік білім беру", - деді Саясат Нұрбек.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, колледж түлектері екінші курсқа бірден түсе алмайды.

"Қазір Білім министрлігімен үлкен жұмыс атқарып жатырмыз. Қолданбалы бакалавр деген бар. Мықты колледждер бакалавр дайындайтындай, бұл үш жылдық бағдарлама", - деп қосты Саясат Нұрбек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram