18 маусым 2024 | 14:38

Қазақстан неге телефон кодын өзгертпеді - министр жауабы

Фото:depositphotos.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Қазақстанда телефон кодын өзгертуге қатысты өз ұстанымын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Қазақстанда телефон кодын өзгертуге қатысты өз ұстанымын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Менің ұстанымым, азаматтық ұстаным: мен нөмірлерді +7-ден +9-ға ауыстырып отырғым келмейді. Менде әр түрлі қосымшалар бар, онда өз нөмірімді енгізіп қойғанмын. Мен оны өзгерткім келмейді. Байланыс операторларымен бірлесіп консультациялар өткізілді және қаржылық-экономикалық және техникалық орындылықты ескере отырып, +7-де қалуға болатындығы туралы жалпы пікір болды", - деді Жаслан Мәдиев Үкіметтің брифингінде.

Журналистер қазір Ресеймен бір префиксте екенімізді және бұл кейбір бағдарламалық жасақтамаға салынған санкцияларға байланысты Қазақстанға шектеу болатындай қауіп тудырмай ма деп сұрады.

Реклама
Реклама

"Бұл мәселені байланыс операторлары да пысықтады, консультациялар жүргізілді, қаржылық-техникалық мәселелер талданды, сондықтан байланыс операторларымен +7-ні ұстанған дұрыс деген шешім қабылданды. Санкцияларға келетін болсақ, мен бұл тұрғыда ешқандай қауіпті көріп тұрған жоқпын", - деп сендірді Мәдиев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная