Қазақстан өңірлерінде шектеу енгізілуі мүмкін: министрлік мәлімдемесі

Фото:gov.kz

Қорғаныс министрлігі 11-19 наурыз аралығында өтетін оқу-жаттығуларға байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

Қорғаныс министрлігі 11-19 наурыз аралығында өтетін оқу-жаттығуларға байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

"Қарулы күштердің жауынгерлік дайындық бағдарламасы шеңберінде 11-19 наурыз аралығында Қарағанды облысының аумағында екі жақты командалық-штабтық оқу-жаттығу өтеді.

Жауынгерлік дайындық іс-шаралары кезінде Қарағанды, Алматы, Жетісу облыстарының аумағында күштер мен құралдардың қозғалысы жүзеге асады. Оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтау мақсатында бөлімшелер полигондарға темір жол, әуе және автомобиль көлігі арқылы аралас тәсілмен марш жасайды. Кейін тұрақты орналасу пункттеріне оралады", - делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігі аталған кезеңде өңірдің жекелеген аудандарында шектеу шаралары енгізілуі мүмкін екенін хабарлайды.

Реклама
Реклама

"Осыған байланысты азаматтардан өтіп жатқан оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауды және тыныштық сақтауды сұраймыз. Сонымен қатар әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдар таратпауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз", - делінген ҚМ хабарламасында.

Сондай-ақ, қолданыстағы заңнамада жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны ескертілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная