25 мамыр 2023 | 09:59

Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы жағдай: кеден күшейтілген режимге көшті

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Almaty.tv.

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы кеденшілер күшейтілген жұмыс режиміне көшті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы кеденшілер күшейтілген жұмыс режиміне көшті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

"Өткізу қабілетін арттыру мақсатында қазақстандық және өзбекстандық кеден органдары уағдаластық бойынша күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Түркістан облысының Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы барлық өткізу пункттерінде кездесулер мен аралау өткізілді. Өткізу пункттерінде кедендік ресімдеудің бизнес-процестерін оңайлату бойынша уағдаластықтар қаралып, қолжеткізілді", - делінген хабарламада.

Соңғы он тәулікте Түркістан облысы бойынша МКД өткізу пункті арқылы өткізу жүзеге асырылды:

Реклама
Реклама
  • "Қазығұрт" өткізу пункті-2 243 жүк көлігі;
  • "Б.Қонысбаев" өткізу пункті - 4 280 жүк көлігі;
  • "Атамекен" өткізу пункті - 1 796 жүк көлігі.

Бұл ретте бір жүк көлігі үшін орташа тіркеу уақыты 2-3 минут болады.

"Өз бағытын тиімді жоспарлау және шекарада тоқтап қалуды болдырмау мақсатында жүргізушілер мен тасымалдаушыларға CarGoRuqsat (cgr.qoldau.kz) автоматтандырылған электрон кезек жүйесі арқылы бекеттің жүктемесін және ағымдағы жол жүру кезектілігін қадағалау ұсынылады, сондай-ақ Түркістан облысы бойынша МКД интернет-ресурсында (trk.kgd.gov.kz)", - деді комитет өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная