18 қараша 2021 | 17:01

Қазақстан өзін халықаралық дауларға тартуға жол бермейді - Тоқаев

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ешкімге қарсы емес екенін және халықаралық дауларға итермелеуге мүмкіндік бермейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ешкімге қарсы емес екенін және халықаралық дауларға итермелеуге мүмкіндік бермейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыртқы істер министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында Тоқаев әлемдегі жетекші державалармен және ірі мемлекеттермен тең әрі өзара тиімді ынтымақтастық туралы айтты.

"Геосаяси қарама-қайшылық өршіген жағдайда Қазақстан өзін ешкімге қарсы қоймайды, өзін халықаралық дауларға тартуға жол бермейді. Біз өз жолымызды айқын анықтадық: прагматизмге негізделген, тең дәрежедегі сыртқы саясатты жүзеге асырамыз. Бұл ретте өзіміз алға қойған екіжақты және көпжақты міндеттемелерді сақтаймыз", - деді Қазақстан Президенті.

Реклама
Реклама

Тоқаев даулы мәселелер туындаған кезде Қазақстан ұлттық мүдделерді толық есепке алу арқылы ақылға қонымды шешімдер іздеуге ұмтылатынын айтты.

"Тәуелсіздік, егемендік, шекарамыздың қауіпсіздігі және аумақтық тұтастық сияқты біз үшін қасиетті құндылықтарға нұқсан келтіретін қандай да бір келісімдерге ешқашан жол бермейміз. Ең алдымен, Қазақстанның мүдделерін батыл қорғауымыз керек", - деп түйіндеді Тоқаев.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның сыртқы саласында бірыңғай ұлттық стратегия жоқтығы туралы айтқан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная