ПОДЕЛИТЬСЯ
24 шілде 2020 | 10:46
Қазақстан пандемия кезінде Еуроодақтан екі рет көмек сұрады
Пандемия басталғаннан бері Қазақстан Еуропа Одағынан көмек сұрап, екі рет жүгінген. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына Сыртқы істер министрілігі жауап берді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Пандемия басталғаннан бері Қазақстан Еуропа Одағынан көмек сұрап, екі рет жүгінген. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына Сыртқы істер министрілігі жауап берді.
Нәтижесінде ЕО Қазақстанға 1,6 миллион еуро берді.
"CACCR бағдарламасы, ең алдымен, елдің географиясы мен тұрғындар санына қарай Қазақстанға бағытталған. Қазақстанның территориясы үлкен және тұрғындар саны, Өзбекстанды есепке алмағанда, Орталық Азиядағы басқа елдерден көп. Ол үшін ЕО COVID-19 дағдарысына төтеп беру үшін бөлек бағдарлама шығарады", - деп хабарлады Сыртқы істер министрлігіндегілер.
1,6 миллион еуро гуманитарлық және техникалық көмек екені аталған. CACCR бағдарламасы ЕО жалпы бюджетінен алынатын грант есебінен қаржыландырылады, сондықтан оны қайтарудың керегі жоқ.
"CACCR бағдарламасы қажетті материалдар мен жабдықтарды бере отырып, лабораториялар мен ауруханаларға ұзақ уақыт бойы COVID-19 және соған ұқсас пандемияларға қарсы тұруға көмектеседі. CACCR бағдарламасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арқылы жүзеге асырылады. ДДҰ-ның алған қаражатты басқару бойынша ЕО алдында жауапкершілігі бар", - деп жауап берді министрліктегілер.
Жалпы CACCR бағдарламасы аясында дәрілер, жабдықтар алу және ұлттық денсаулық сақтау мекемелеріне (аурухана, лаборатория, денсаулық сақтау саласында дағдарыс жағдайындағы басшыларға) сарапшылардың кеңесі қарастырылған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также