17 қараша 2022 | 11:29

Қазақстан Парламенті 345 миллион еуро қарыз алу туралы заң қабылдады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Сенатта Қазақстан мен Халықаралық Қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сенатта Қазақстан мен Халықаралық Қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2022 жылғы 24 тамызда Астанада Қазақстан мен Халықаралық қайта құру және даму банкі (ХҚДБ) арасында 345,7 миллион еуро көлемінде несие беру туралы келісімге қол қойылды.

Қарыз толығымен бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталатын болады. Қаражат республикалық бюджетте көзделген әлеуметтік және басқа да мақсаттарға арналған бюджет шығыстарын жабуға мүмкіндік береді.

Реклама
Реклама

"Дүниежүзілік банктің қарызы Қазақстан Республикасына 11,5 жылға беріледі. Оның ішінде 2,5 жылға жеңілдік көзделген.

Сыйақы ставкасы Еурибор және өзгермелі спредтен тұрады. Біржолғы комиссия да игерілмеген қарыз қалдығына есептелген резервтік комиссия 0,25 пайыз құрайды. Қарызға қызмет көрсету және оны өтеу келісімде белгiленген қаржылық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады", - деді Ерұлан Жамаубав.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная