Қазақстан Парламенті бірлескен комиссия құрды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Қазақстан Парламенті бірлескен комиссия құрды Фото Тengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Сенат пен Мәжіліс депутаттары Парламент палаталарының бірлескен комиссиясын құрды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат пен Мәжіліс депутаттары Парламент палаталарының бірлескен комиссиясын құрды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірлескен комиссия Парламенттің регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша депутаттардың ұсыныстарын қарау үшін құрылды. Парламентшілер бірлескен отырыста бірлескен комиссия аясында осы жұмыспен айналысатын сегіз депутатты сайлады.

Мәжілістен комиссия құрамына: Арман Қожахметов, Сауытбек Әбдірахманов, Айқын Қоңыров және Азат Перуашев кірді.

Жарнама
Жарнама

Сенаттан: Владимир Волков, Ақмарал Әлназарова, Ерік Сұлтанов және Ақылбек Күрішбаев.

Парламент палаталарының бірлескен комиссиясын Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов басқарады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама