06 маусым 2024 12:47

Қазақстан Парламенті массмедиа туралы заңды қабылдады

Фото:depositphotos.com

Бүгін Сенатта "Массмедиа туралы" (түпнұсқа атауы - "Масс-медиа туралы"), "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне массмедиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Массмедиа мәселелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізу туралы" заңдар қаралып, екі оқылымда қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Сенатта "Массмедиа туралы" (түпнұсқа атауы - "Масс-медиа туралы"), "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне массмедиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Массмедиа мәселелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізу туралы" заңдар қаралып, екі оқылымда қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Заңдарда отандық контентті дамыту мақсатында мемлекеттік емес БАҚ-қа гранттар беру арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландыру тетіктері туралы нормалар қарастырылған. Журналистерге қатысты ескіру мерзімі бір жылға, БАҚ сауалына жауап беру мерзімі 5 күнге дейін қысқартылған.

Бұдан бөлек, өзгерістер мемлекеттік тілдегі теле-, радиобағдарламалардың апта сайынғы көлемін 50 пайыздан 60 пайызға дейін ұлғайтуды, кезең кезеңімен 5 пайызға (2025 жылдан бастап 55 пайыз, 2027 жылдан бастап 60 пайыз) көшуді көздейді. Сондай-ақ, отандық теле-, радиоарналардағы қазақстандық авторлардың/орындаушылардың отандық теле -, радиобағдарламалар мен музыкалық шығармалар санын 50 пайыздан 60 пайызға дейін ұлғайту (кезең кезеңмен енгізу ұсынылды).

Сондай-ақ, отандық теле-радио арналардағы шетелдік теле-радио бағдарламаларды қайталап көрсетуді 20 пайыздан 10 пайызға дейін қысқарту жоспарланған.

Реклама
Реклама

Кодекстер мен заңдарға "БАҚ" деген сөзді "массмедиа" деген сөзбен алмастыратын өзгерістер енгізілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
array:5 [
  0 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360672/thumb_m/photo_123000.jpeg"
    "title" => "Әзербайжан президенті парламентті таратты"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/world_news/azerbayjan-prezident-parlamentt-tarattyi-360672/amp/"
  ]
  1 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360589/thumb_m/photo_122907.jpeg"
    "title" => "Мәжіліс төрағасы Парламент палаталарының бірлескен отырысын қайта шақырды"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/majls-toragasyi-parlament-palatalaryinyin-brlesken-360589/amp/"
  ]
  2 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360405/thumb_m/photo_122695.jpeg"
    "title" => "Мәжіліс төрағасы Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақырды"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/majls-toragasyi-parlament-palatalaryinyin-brlesken-360405/amp/"
  ]
  3 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_359043/thumb_m/photo_121221.jpeg"
    "title" => "Қазақстан парламенті тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң қабылдады"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazakstan-parlament-turmyistyik-zorlyik-zombyilyik-turalyi-359043/amp/"
  ]
  4 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_357182/thumb_m/photo_119216.jpeg"
    "title" => "Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/astanada-parlament-palatalaryinyin-brlesken-otyiryisyi-357182/amp/"
  ]
]