ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 08 қаңтар 2022 15:03
Қазақстан премьер-министрінің міндетін атқарушы Қырғызстанның үкімет басшысымен сөйлесті
Қазақстан премьер-министрінің міндетін атқарушы Әлихан Смайылов Қырғызстанның үкімет басшысы Ақылбек Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Тараптар қос елдің мемлекеттік шекарасындағы жағдайды, сондай-ақ, Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай фонындағы елдердің сауда-экономикалық өзекті мәселелерін талқылады.
Үкімет басшылары стратегиялық серіктестікті екіжақты және көпжақты форматтарда нығайту бойынша дайын екенін мәлімдегені айтылады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу