09 тамыз 2024 | 16:03

Қазақстан Президенті Жапония премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияда болған жер сілкінісіне байланысты жапон халқына сабыр тілеп, табиғат апатының салдары ауыр болмайды деп үміттенетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияда болған жер сілкінісіне байланысты жапон халқына сабыр тілеп, табиғат апатының салдары ауыр болмайды деп үміттенетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өз кезегінде Фумио Кишида Қазақстанға ресми сапарын, соның ішінде "Орталық Азия + Жапония" Диалогының бірінші саммитіне қатысуын амалсыздан кейінге шегергенін өкінішпен жеткізді.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фумио Кишида қазақ-жапон қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылап, өңіраралық ықпалдастық мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Жапония премьер-министрі Фумио Кишида Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9-10 тамызда Қазақстанға сапармен келуді жоспарлаған болатын. Алайда Жапония премьер-министрі бір күн бұрын Жапонияда болған жер сілкінісіне байланысты Қазақстанға келмейтін болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная