ПОДЕЛИТЬСЯ
12 мамыр 2021 | 12:37
Қазақстан Президенті Конституциялық Кеңеске өтініш жолдады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық Кеңеске өтініш жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық Кеңеске өтініш жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство сайтына сілтеме жасап.
"Конституциялық Кеңес Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 8 сәуірде парламент қабылдаған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңның Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтінішін іс жүргізуге қабылдады", - делінген ресми хабарламада.
Конституциялық Кеңес отырысына материалдарды дайындау жұмысы басталды.
Конституциялық Кеңесте құқық қорғау, ғылым және өзге де ұйымдар мен мәселелерге маманданған тұлғалар өз қорытындыларын gulmira@ksrk.gov.kz электрон поштасына жібере алатыны айтылды.
Конституциялық Кеңес - бұл Қазақстандағы конституциялық бақылаудың ұжымдық органы. Ол 7 мүшеден тұрады. Конституциялық Кеңестің төрағасы мен екі мүшесін Президент, ал екі мүшесін тиісінше Сенат пен Мәжіліс 6 жыл мерзімге тағайындайды. Нұрсұлтан Назарбаев - Конституциялық Кеңестің тұрақты мүшесі. Қазіргі төраға - Қайрат Мәми.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также