29 қараша 2018 | 18:14

Қазақстан Президентінің жаңа көмекшісі тағайындалды

Ерұлан Жамаубаев. © Хабар 24

Қазақстан Президентінің жаңа көмекшісі тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президентінің жаңа көмекшісі тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын", - делінген Жарлықта. Ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Тимур Мекешұлы Жақсылықов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметінен босатылғаны хабарланып отыр. 

Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев 1974 жылы туған. 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, 2009 жылы Т.Рысқұлова атындағы Қазақ экономика университетінің жанындағы Бизнес мектебін бітірген. 1996-1998 жылдары Қазақ мемлекеттік басқару академиясының оқытушы-тәлімгері, оқытушысы, 1998-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің жетекші сараптамашысы, бас сараптамашысы, басқарма бастығы, Зерттеу және статистика департаменті директорының орынбасары, 2006-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің үйлестіру департаментінің директоры, 2014-2015 жылдары - "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі" АҚ басқарушы директоры, 2015 жылғы шілде мен қараша аралығында - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерінде болып, 2015 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған еді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная