02 шілде 2021 12:50

Қазақстан Президентінің Протоколы қызметінің атауы өзгерді

Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"2021 жылғы 2 шілдедегі № 615 Жарлығымен "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 Жарлығындағы сөздердің бір бөлігі ауыстырылсын", - делінген хабарламада.

Оылайша, жаңа жарлыққа сәйкес сөздерді ауыстыру туралы қаулы шығарылады:

Реклама
Реклама

"29-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының (бұдан әрі – Президент Протоколы)" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметі (бұдан әрі – Президенттің Протокол қызметі)" деген сөздермен ауыстырылсын;

33-тармақтағы "Президент Протоколы" деген сөздер "Президенттің Протокол қызметі" деген сөздермен ауыстырылсын;

65-тармақтағы "Президент Протоколының" деген сөздер "Президенттің Протокол қызметінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

92-тармақтағы "протоколы" деген сөз "Протокол қызметі" деген сөздермен ауыстырылсын;

95-тармақтағы "Президент протоколы" деген сөздер "Президенттің Протокол қызметі" деген сөздермен ауыстырылсын;

Сондай-ақ, 111-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"111. Шетелдік мемлекетке сапарды ұйымдастыру үшін онда құрамына Президенттің Протокол қызметінің, Президенттің Баспасөз қызметінің, Президент Әкімшілігі Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің, Мемлекеттік күзет қызметінің және Президенттің Іс басқармасының, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінің өкілдері кіретін жұмыс тобы жіберіледі".

Бұдан бөлек, Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымына өзгерістер енгізіледі. Мысалы, "Президент хаттамасы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Президент хаттамасының қызметі".

Бұған дейін президент протоколы қызметінің басшысы тағайындалғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram