ПОДЕЛИТЬСЯ
25 сәуір 2022 | 17:17
Қазақстан Ресейден газдандыру бойынша есептерді күтіп отыр - министр
Ресей Қазақстанның солтүстік облыстары мен Шығыс Қазақстан облысын газдандыру бойынша есептеулер жүргізіп жатыр. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ресей Қазақстанның солтүстік облыстары мен Шығыс Қазақстан облысын газдандыру бойынша есептеулер жүргізіп жатыр. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Энергетика министрлігінің басшысы ведомство QazaqGaz-бен бірлесіп, соңғы жылдары ішкі газды тұтынудың күрт өсуіне байланысты, сондай-ақ газ тасымалдау жүйесін жаңғырту қажеттілігіне байланысты бас схеманы жаңартып жатқанын атап өтті.
"Қазір солтүстік облыстары мен Шығыс Қазақстан облысын газдандырудың екі ықтимал нұсқасын қарастырып жатырмыз. Біріншісі, ең жылдам, ең оңайы – Ресей арқылы газдандыру, яғни Ресейге жақын орналасқан солтүстік және шығыс аумақтарды газдандыруға байланысты. Алдын ала болжам бойынша, Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында бірінші кезеңде газды тұтыну жылына шамамен 2,7 тонна миллиард текше метр болады", - деді Ақшолақов Сенатта өткен Үкімет сағатында.
Ол бұл нұсқа бойынша газдандыру үшін Барнаул, Рудцовское, одан әрі Семей және Өскеменге, Павлодарға филиалы бар бағыттар қажет екенін түсіндірді. Оның айтуынша, мұндай желі шамамен мың шақырым болады.
"Бүгінде ресейлік тарап есептеулер жүргізіп жатыр, олардан мамырда және бәлкім, екінші тоқсанның соңына қарай баға мәселесіне, техникалық мүмкіндіктерге қатысты нақтырақ жауаптар аламыз деп күтіп отырмыз. Мәскеуге іссапармен барған кезде мұндай келіссөзді әріптестеріміз де жүргізді. Біз техникалық келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Сондай-ақ, бірінші нұсқада сұйытылған табиғи газды қоса алғанда, жеткізу арқылы газдандыруды қамтитын қосалқы нұсқа бар. Бірақ бұл жерде айта кету керек, бұл нұсқа айтарлықтай инфрақұрылым салуды талап етеді", - деді ведомство басшысы.
Баламалы нұсқа – өзіміздің "Сарыарқа" газ құбыры, бүгінде ол Нұр-Сұлтанға жетті, деп қосты Ақшолақов.
"Қазіргі уақытта "Астанагаз ҚМГ" АҚ Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын газдандыруды көздейтін магистраль газ құбырының екінші және үшінші кезегі құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін түзетіп жатыр. Біз қазір мемлекеттік сараптаманың қорытындысын күтіп отырмыз. Маусымда қабылданады деп күтіледі", - деп нақтылады министр.
Қорытындылай келе, ол таңдау кез келген жағдайда келесі критерийлерге негізделетініне сендірді: жеткізілімдердің сенімділігі және газбен жабдықтаудың тұрақтылығы, сондай-ақ тұтынушылар үшін қолайлы баға.
Бұған дейін Сенат депутаты Ерік Сұлтанов ішкі нарықта газды тұтынудың артуы Қазақстанда газ тарифінің өсуіне әкелуі мүмкін екенін айтқан болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также