ПОДЕЛИТЬСЯ
20 қараша 2023 | 12:13
Қазақстан Ресейден қанша көлемде газ сатып алуды жоспарлап отыр
Қазақстан Ресеймен сұйытылған мұнай газын жеткізу туралы келісім жасасты. Бұл туралы энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан Ресеймен сұйытылған мұнай газын жеткізу туралы келісім жасасты. Бұл туралы энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгінде ел бойынша сұйытылған газ жеткізу айына 130-135 мың тонна болады. Тұтыну деңгейі бірнеше есе жоғары, сондықтан тапшылық пайда болады. Вице-министрдің айтуынша, елімізде сұйытылған мұнай газының тапшылығын жабу бойынша жедел әрекет ету үшін "ҚазРосГаз" компаниясымен келіссөздер жүргізілген.
"Компания Қазақстанға көмектесуге және келесі жылдың басынан бастап Орынбор мұнай өңдеу зауытынан сұйытылған мұнай газының қажетті көлемін қайта бағыттауға ниет білдірді. Олар көмектесуге дайын. Алдын ала мәлімет бойынша, айына 90 мың тоннаға дейін сұйытылған мұнай газы", - деді Әлібек Жамауов Энергетика министрлігінде өткен брифингте.
Тағы 10 мың тонна газ "ҚазМұнайГаз" үлесінен ішкі нарыққа жіберілді.
"Жыл аяғына дейін келісім бар. Ертең келесі екі жылға қосымша 10 мың тонна беретін тағы бір құжатқа қол қоямыз. Ай сайын 10 мың тонна", - деді вице-министр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также