23 қыркүйек 2020 | 12:37

Қазақстан Ресейдің шағымына жауап берді

©РИА Новости

Ресей ЕАЭО-ға түсті металл сынықтарын жеткізудің тоқтатылуына байланысты Қазақстанға шағымданды. Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресей ЕАЭО-ға түсті металл сынықтарын жеткізудің тоқтатылуына байланысты Қазақстанға шағымданды. Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресейлік БАҚ мәліметінше, Қазақстан келісімшарттарға қарамастан, жаздың соңында Ресейге түсті металл сынықтарының барлық жеткізілімін тоқтатты. Ал Қазақстаннан басқа елдерге экспорттау жалғасып жатыр. Осыған байланысты Ресей ЕАЭО-ға шағым түсірген.

Реклама
Реклама

Министрлік қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын Қазақстан аумағынан автокөлікпен әкетуге тыйым екі жылға белгіленгенін айтады.

"Бірлескен бұйрық "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы" Заңға сәйкес қабылданды, онда мемлекеттік органдардың мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы әрекеттері үшін негіздер қарастырылған және ол келісім талаптарына қайшы келмейді. Бұл жұмыс отандық металлургиялық кәсіпорындарды шикізатпен жүктеу және ішкі нарықты қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

"Бұйрық бойынша пайдаланылатын көлік түріне қатысты қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын әкетуге шектеу қойылды, яғни тек автокөлікпен әкетуге тыйым салынады", - деп хабарлады ИИДМ баспасөз хатшысы Мадияр Уақпаев.

Ведомство мәліметінше, министрлік басқа тыйымдар енгізген жоқ.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная