ПОДЕЛИТЬСЯ
19 қазан 2023 | 14:14
Қазақстан Ресейге жүзден аса тауар жеткізуді тоқтатты
Қазақстан Ресейге тауардың 106 түрін жеткізуді тоқтатты. Бұл туралы сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан Ресейге тауардың 106 түрін жеткізуді тоқтатты. Бұл туралы сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Сіз пленарлық отырыста Ресей мен Украина арасындағы соғыс туралы айттыңыз. Былтырғы ақпанда соғыс басталды. Содан бері Қазақстан Ресей аумағы арқылы қандай тауарларды экспорт жасай алмай қалды? Ресейге қандай тауарларды экспорттай алмаймыз?" – деп сұрады журналистер Сенат кулуарында.
Сұрақтарға жауап берген Төребаев тек соғысқа қатысты тауарлар экспорты шектелгенін түсіндірді.
"106 түрлі өнім. Біз олардың экспортын толығымен шектедік. Бұл әскери мақсаттағы тауарлар. Мысалы, дрондар және олардың құрамдас бөліктері. Мамандандырылған электроника, чиптер және ұқсас өнімдер", - деп түсіндірді Қайрат Төребаев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также