26 ақпан 2019 | 15:30

Қазақстан ресейлік салыққа байланысты ЕАЭК ұйымына наразылық білдірді

© business-vector.info

Қазақстан ресейлік жаңа салық ережелеріне байланысты Еуразиялық экономикалық комиссияға наразылық білдірді. Бұл туралы Tengrinews.kz порталындағы интернет-конференция барысында ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев мәлімдеді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан ресейлік жаңа салық ережелеріне байланысты Еуразиялық экономикалық комиссияға наразылық білдірді. Бұл туралы Tengrinews.kz порталындағы интернет-конференция барысында ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев мәлімдеді. 

Ресейде қосылған құн салығын төлеу ережелері өзгерді. Егер бұрын 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін электронды контентті сататын шетелдік компаниялар үшін бюджетке клиенттер төлесе, қазір бизнесмендердің өздері мұнымен айналысуға мәжбүр. Нәтижесінде салық төлеудегі қиындықтар және залал келтірмеу үшін клиенттермен шарттарды қайта қарау қажеттілігі сияқты едәуір әкімшілік жүктемелер пайда болды.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Ресейдегі ҚҚС мөлшерлемесі 2019 жылдан бастап 18-ден 20 пайызға дейін көтерілді. Электронды қызметтер бойынша шетелдіктер қолданатын есептік мөлшерлеме 16,67 пайыз болды.

Өз кезегінде қазақстандық Мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы Еуразиялық экономикалық одақ ережелеріне сәйкес жанама салықтар (ҚҚС сияқты) аумағының жұмыстарды, қызметтерді өткізу орны болып танылатын елдің бюджетінен (кейбір жағдайлардан басқа) алынатынын түсіндірді. Сол мемлекет жанама салықтардың мөлшерлемесін, оларды алу тәртібін және салықтық жеңілдіктерді анықтайды.

"Сонымен қатар, қазіргі уақытта қызметтерді жүзеге асыру орнын анықтау барысында қарама-қайшылықтарды болдырмау мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссияға хат (шағым) жіберілді", - деді Сұлтанғазиев.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная