ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 08 қаңтар 2024 11:31
Қазақстан рулі оң жақтағы көліктерді бөлшектелген түрде әкелуге уақытша тыйым салды
Қазақстанда рулі оң жақтағы көліктерді бөлшектелген түрде әкелуге уақытша тыйым салынды. Тиісті бұйрық "Қазақстанның нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі стандартты бақылау банкі" порталында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Индустрия және құрылыс министрінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы бұйрығы бойынша, Қазақстанға 6 ай мерзімге рулі оң жақтағы көліктерді әкелуге тыйым салынған.
Ведомство мәліметінше, бұйрық "Сауда қызметін реттеу туралы" заңның 17 және 18-баптарына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29 және 47-баптарына сәйкес қабылданған.
"Қазақстан Республикасы аумағына рулі оң жақтағы бөлшектелген жеңіл автокөліктерді алты ай мерзімге әкелуге тыйым салынсын", - делінген құжатта.
Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, яғни 2024 жылғы 16 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу