09 маусым 2023 | 13:01

Қазақстан санкцияларды айналып өтетін аумақ болмайды - Қуантыров

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: gov.kz

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстан басқа елдер санкцияны айналып өтетін юрисдикция болмайтынына сендірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстан басқа елдер санкцияны айналып өтетін юрисдикция болмайтынына сендірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Брифингте журналистер Қуантыровтан Қазақстаннан Ресейге параллель импорттау туралы қауесетке шетелдік инвесторлар қалай қарайтынын сұрады.

Реклама
Реклама

"Егер осындай ірі қатысушылар келіп (Астана халықаралық форумына. – еск.) жатқанын көрсеңіз, бұл оларды қорқытпайды деп ойлаймын. (...) Біз санкцияларды айналып өтетін аумақ, юрисдикция болмайтынымызды ашық мәлімдейміз. Иә, ірі серіктестерімізбен сауда жасаймыз, бірақ санкцияланған тауарларды емес. Олар біздің елде өнімді экспорттауға белгілі бір тыйым салынғанын және т.б. біледі. Біз санкцияға ұшыраған елдермен де, осы санкцияларды енгізіп жатқандармен де сындарлы диалог жүргізіп жатырмыз. Бәріне айтатынымыз: "Тыңдаңыздар, біздің географиямыз сондай. Жалпы, санкция салатын сіздер, зардап шегетін біз", - деді Қуантыров.

Министр Қазақстан қақтығысқа қатысушы емес, сондықтан ел шығыны аз жолды таңдауы керек деп түсіндірді.

"Ең болмағанда зардап шекпейтіндей жұмыс істейік. Шығындарды азайтайық. Таза прагматикалық тұрғыдан алғанда, жанжал біздікі емес. Біз одан әрі дамуымыз керек", - деп түсіндірді Қуантыров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram