15 сәуір 2022 | 11:50

Қазақстан "Сбермен" келісімнен бас тартуы мүмкін

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©РИА Новости

Қазақстан ресейлік "Сбер" компаниялар тобымен мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жаңа цифрлық платформасын енгізу туралы келісімнен бас тартуы мүмкін. Қазір бұл платформаны қазақстандық IT-компаниялар күшімен әзірлеу жоспарланған. Бұл туралы цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбақин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан ресейлік "Сбер" компаниялар тобымен мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жаңа цифрлық платформасын енгізу туралы келісімнен бас тартуы мүмкін. Қазір бұл платформаны қазақстандық IT-компаниялар күшімен әзірлеу жоспарланған. Бұл туралы цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбақин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі геосаяси жағдайға және өзіміздің басқа да тәжірибелерді қарап, мемлекеттік органға кіретін "ҰАТ" АҚ күшімен жасаймыз. Сол платформа қазақстандық IT-компаниялар күшімен жасалынады. Қазір техникалық-экономикалық сараптама жасалып жатыр. Жыл аяғына дейін жаңа платформаның алғашқы қызметтері қолданыла бастайды", - деді Жамбақин ОҚК-да өткен брифингте журналистер сұрағына жауап беріп.

Оның айтуынша, жаңа платформаны толық әзірлеу және енгізу шамамен 2-3 жылға созылады.

Реклама
Реклама

Кейінірек Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі мнистрлігі ақпаратты нақтылады. Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта тәуекелдерді бағалау жүргізіліп, оның ішінде геосаяси жағдайды, қоғам мен сарапшылар пікірін ескере отырып, жағдай қаралып жатыр.

"Бүгінде платформаны жүзеге асыру бойынша СБЕР тобымен ешқандай құқықтық қатынастар жоқ. Министрлік қарастырып жатқан басым шешімдердің бірі - ұлттық оператор "ҰАТ" АҚ, отандық IT-компаниялар ресурстары негізінде осындай жобаларды іске асыруда тәжірибесі бар сарапшыларды тарта отырып цифрландыру үшін платформа құру", - деді баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жаңа цифрлық платформасын енгізу жоспарланғанын түсіндірген болатын.

Кейін Қазақстан Үкіметі мен "Сбербанк России" қол қойған цифрлық трансформация жөніндегі жобалар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумның егжей-тегжейі белгілі болды.

Министрлік "Сбермен" келісім туралы: Баламалы технологиялар да қарастырылып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная