ПОДЕЛИТЬСЯ
28 мамыр 2019 | 14:37
"Қазақстан" шахтасында жерасты позициялау жүйесі қолданылады
"Қазақстан" шахтасын жерасты байланыс және позициялау жүйесімен жарақтандыруға "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының жасаған инвестиция сомасы шамамен 1,5 миллион доллар болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі компания баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Қазақстан" шахтасын жерасты байланыс және позициялау жүйесімен жарақтандыруға "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының жасаған инвестиция сомасы шамамен 1,5 миллион доллар болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі компания баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көмір департаментінде жаңа жүйені енгізу жобасы - өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыру және шахталық жабдықты толық автоматтандыру бағытында жасалған кезекті қадам.
Жаңа жүйе міндеттерінің негізгі тізімі: жер астындағы қызметкерлердің мониторингі, радиобайланыс орнату, тау-кен жұмыстарының барысына бейне бақылау жүргізу, газ шоғырлануы туралы автоматты түрде хабарлау, жабдықтың өздігінен диагностикалануы. Жүйенің жақсы жұмыс істеуі үшін 1850 шам позициялау және іздеу белгілерімен жабдықталған, жер астында 36 шақырым оптикалық талшықты және 54 шақырым телефон кабелі төселген, 550 жылжымалы радиомодуль орнатылған, ол диспетчерлік мониторларда қазбалар бойынша жерасты персоналының қозғалуын бақылауға мүмкіндік береді, сондай-ақ жедел байланыс үшін 14 стационарлық және 60 жылжымалы радиостанция сатып алынды.
"Жүйе қолданыста өзін жақсы жағынан көрсетіп, диспетчерлер мен учаске басшыларының жұмысын едәуір жеңілдетті. Бұндай жүйенің Қазақстан көмір кәсіпорындарында алғаш рет орнатылып отырғандығын атап өткен жөн. Биыл осындай жүйемен Көмір департаментінің тағы бір кәсіпорныны - Түсіп Күзембаев атындағы шахтасын да жабдықтау жоспарланып отыр", - дейді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ "Қазақстан" шахтасы директорының міндетін атқарушы Сергей Гуров.
Показать комментарии
Читайте также