ПОДЕЛИТЬСЯ
20 сәуір 2023 | 12:05
Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған үш қырғызстандық ұсталды
Шекарашылар Жамбыл облысында Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған Қырғызстанның үш азаматын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК Шекара қызметінің мәліметтеріне сілтеме жасап.

"14 және 17 сәуірде Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің "Ақсу" және "Кеңес" шекара бөлімшелерінің учаскелерінде мемлекеттік шекараны бұзған Қырғызстанның үш азаматы ұсталды. Ұсталғандарға қатысты тексеру шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, 2023 жылғы 14 сәуірде шекарашылар Жамбыл облысының "Сыпатай батыр" өткізу пунктінде Қырғызстан Республикасынан Қазақстан Республикасына 20 160 қорап түрлі маркадағы темекі өнімдерінің ірі партиясын заңсыз алып өтудің жолын кесті. Алдын ала есеп бойынша тауар кұны шамамен 5 400 000 теңге.
Анықталған жүк процессуалдық шешім кабылдау үшін Меркі ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасына тапсырылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также