Қазақстан шекарасында құпия туннель анықталды

Фото: t.me/GenPr Фото: t.me/GenPr

Қазақстанның оңтүстігінде мұнай өнімдерін контрабандалық жолмен тасымалдайтын туннель анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның оңтүстігінде мұнай өнімдерін контрабандалық жолмен тасымалдайтын туннель анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысы прокуратурасының бастамасы және үйлестіруімен Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу және ҰҚК департаменттері, Өзбекстан Республикасының құқық қорғау органдарының ынтымақтастығы арқылы қылмыстық топтың қызметі тоқтатылып, мұнай өнімдерін контрабандалауға арналған туннель жойылды.

Атап айтқанда, адамдар тобы қазақ-өзбек шекарасында ұзындығы 450 метрлік туннель салған.

"Осы туннель арқылы күн сайын көлемі 5-7 тонна жанар-жағармай материалдарын контрабандалық жолмен шығарып, заңсыз әрекеттері шамамен екі айға созылған. Арнайы шаралармен қылмыстық топтың барлық мүшесі, оның ішінде Өзбекстан азаматтары да белгілі болды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, көрші мемлекеттен экспортталған жанармайдың ақша аудару схемасы анықталды.

"Трансұлттық қылмыстық топтың мүшелері Қазақстан аумағында да, Өзбекстан аумағында да ұсталды".

Қазіргі уақытта соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная