20 наурыз 2023 | 11:46

Қазақстан шекарасында ресейліктен 600 sim-карта мен хабарлама таратуға арналған құрылғы табылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қысқа хабарлама таратуға арналған құрылғы мен 600-ден аса sim-картаны заңсыз жолмен алып өтпек болған ресей азаматын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК Шекара қызметінің деректеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қысқа хабарлама таратуға арналған құрылғы мен 600-ден аса sim-картаны заңсыз жолмен алып өтпек болған ресей азаматын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК Шекара қызметінің деректеріне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, күдікті Ақтөбе облысының "Әлімбет" автокөліктік өткізу пунктінде ұсталған. "Ауди" автокөлігін тінту кезінде бірқатар байланыс құралы анықталды.

"Тексеру кезінде қысқа хабарламаларды жалпылап таратуға, қабылдауға және белсендіруге арналған бағдарламалық-ақпараттық "Sim-box" кешені және 600-ден аса түрлі қазақстандық мобильді байланыс операторларының sim-карталары табылды", - делінген ақпаратта.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная