ПОДЕЛИТЬСЯ
24 маусым 2024 | 10:51
Қазақстан СІМ Грекия аралындағы орманды өртеу оқиғасына қатысты пікір білдірді
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Грекияның Гидра аралындағы орман өртіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Грекияның Гидра аралындағы орман өртіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, бұл оқиға БАҚ-та жарияланғаннан кейін қазақстандық консул бірден пікір білдірген.
"Бұл ақпарат жарияланғаннан кейін Қазақстан консулы осы оқиға бойынша Грекия билігіне хабарласты. Полиция ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін және оларға қарсы ешқандай талап қойылмағанын хабарлады", - деді Смадияров.
Еске салайық, бұған дейін Грекия БАҚ-тары Қазақстаннан келген туристер Грекияның Гидра аралында яхтадан отшашу атып, орман өртіне себеп болғаны туралы хабарлаған болатын.
21 маусымда кешке демалушылардың жалға алған яхтасынан жағаға отшашу атылғаны хабарланды. Салдарынан қарағайлы орманда өрт тұтанған. Өртті сөндіруге өртсөндірушілер мен еріктілер қатысты. Оған тікұшақ та тартылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также