Қазақстан СІМ өкілі Ираннан келуі мүмкін босқындар туралы сұраққа жауап берді

Айнұр Қапышова Корреспондент
Қазақстан СІМ өкілі Ираннан келуі мүмкін босқындар туралы сұраққа жауап берді Фото:depositphotos.com/ Laflota

Қазақстан Ираннан келуі мүмкін босқындар ағынына дайын ба? Бұл сұраққа сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Ираннан келуі мүмкін босқындар ағынына дайын ба? Бұл сұраққа сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр орынбасарының айтуынша, қақтығыс басталғалы бері Иранда немесе Таяу Шығыстың өзге елдерінде тұратын этникалық қазақтардан ресми өтініш түспеген.

"Ерекше назар аудару керек мәселе: бұл Иран Ислам Республикасының азаматтары. Біз бұған дейін басқа мемлекеттердің ісіне араласпау саясатын ұстанатынымызды айттық. Сондықтан теориялық тұрғыдан айтсақ, егер азаматтар өтініш білдірсе, мәселе олардың этникалық тегіне емес, азаматтығына байланысты қаралады", - деді Бақаев үкімет отырысынан кейін.

Реклама
Реклама

Журналистер "мұндай азаматтарға босқын мәртебесі беріле ме?" деп сұрады. Бақаев олар қолданыстағы хаттама талаптарына сай келсе бұл мүмкін екенін айтты.

"Мұндай хаттамалар бар. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде қандай жұмыс жүргізу керегін біледі. Бірақ тағы бір рет атап өтемін, мұндай өтініш болған жоқ, мұндай дабыл жоқ, мәселе біздің бақылауымызда", - деді СІМ басшысының орынбасары.

Айта кетейік, Қазақстан мен Иран Каспий теңізі арқылы көршілес мемлекеттер, бірақ құрлықта шекараласпайды. Елдер арасындағы көлік қатынасы теңіз порттары және Түркменстан арқылы өтетін темір жол магистралі арқылы жүзеге асырылады.

Бұған дейін Әлібек Бақаев Қазақстан үшінші мемлекеттердің ісіне араласпау ұстанымын ұстанатынын айтқан болатын. Сонымен қатар, Қазақстан өтініш түскен жағдайда қақтығысушы тараптар келіссөз жүргізу үшін алаң ұсынуға дайын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама