Қазақстан СІМ Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс аймағындағы шиеленістің күшеюіне терең алаңдаушылық білдіреді.

"Біз аймақта ауқымды соғысты тудыруы мүмкін бейбіт тұрғындардың қазасы мен жағдайдың одан әрі нашарлауына жол бермеу үшін барлық қатысушы тараптарды сабырлылық танытып, күш қолданудан бас тартуға шақырамыз. Осыған байланысты, келіспеушіліктерді БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық қағидаттары аясында тек саяси-дипломатиялық жолдармен шешу үшін жедел шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтеміз", - деді министрліктің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Реклама
Реклама

Смадияровтың айтуынша, Қазақстан халықаралық қауымдастықтың жағдайды тұрақтандыруға және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларын одан әрі қолдайтынын растайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама