ПОДЕЛИТЬСЯ
15 ақпан 2020 | 15:09
Қазақстан соғыста улы және тұншықтырғыш газдарды қолдануға тыйым салатын хаттаманы ратификациялады
Мемлекет басшысы "Тұншықтыратын, улы немесе басқа да осыларға ұқсас газдар мен бактериологиялық құралдарды соғыста қолдануға тыйым салу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Бұл заңда 1925 жылғы 17 маусымда Женевада қол қойылған соғыс кезінде тұншықтырғыш, улы газдарды және бактериологиялық құралдарды қолдануға тыйым салу туралы хаттаманы ратификациялау көзделген.

"Хаттаманың мақсаты соғыста тұншықтырғыш, улы немесе басқа да ұқсас газдарды, сол сияқты кез келген ұқсас сұйықтықтарды, заттар мен процестерді, сондай-ақ соғыс жүргізудің бактериологиялық құралдарын қолдануға тыйым салу болып табылады", - делінген Сенат халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қорытындысында.
Сондай-ақ осы Хаттамада химиялық қаруды қолдануға тыйым салуды растайтын және осы тыйым салуды соғыс жүргізудің бактериологиялық құралдарына тарататын халықаралық құқықтың негіз қалаушы нормалары айқындалады.
"Хаттаманы ратификациялаудың күтілетін нәтижесі Қазақстанның химиялық және биологиялық қауіпсіздікке байланысты халықаралық құқықтық міндеттемелерді толық көлемде мойындауы болып табылады және біздің еліміздің жаппай қырып - жою қаруын таратпау саласындағы сындарлы саясатын растайды", - деп атап өтілген қорытындыда.
Показать комментарии
Читайте также