ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қазан 2021 | 10:45
Қазақстан сотталғандар саны бойынша әлемдік рейтингте 98-орында
Қазақстан сотталғандар саны бойынша әлемдік рейтингте 223 елдің ішінде 98-орынға тұрақтады. Елде 29,4 мың тұтқын, адам басына санағанда 100 мың адамға 157 тұтқыннан келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан сотталғандар саны бойынша әлемдік рейтингте 223 елдің ішінде 98-орынға тұрақтады. Елде 29,4 мың тұтқын, адам басына санағанда 100 мың адамға 157 тұтқыннан келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлемдік рейтингтте ТМД елдерінің ішінен Түрікменстан екінші орынға ие болды. Қазақстанға қарағанда, Беларусь (20-орын) пен Ресейдегі (24-орын) жағдай төмен. Қазақстан Әзірбайжаннан (63-орын), Молдовадан (79-орын) және Қырғызстаннан (96-орын) алда келеді.
Керісінше, Қазақстанға қарағанда Украина, Тәжікстан, Армения мен Өзбекстандағы жағдай жақсы.
Америка Құрама Штаттары мен Сальвадор "түрме елдері" рейтингін ашады, ал Сан-Марино тұтқындардың нөлдік санымен жабылады. Соңғы орында Гвинея-Бисау тұрды: 196 тұтқын немесе 100 мың тұрғынға 10 ғана.
2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 47,4 мың адам қылмыс жасады, бұл бір жыл бұрынғыдан 17,1 пайызға аз. Өңірлік контексте "көшбасшылар" Алматы облысы (5,6 мың адам, жылына минус 14,2 пайыз), Алматы (5,4 мың адам, минус 13,3 пайыз), сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы (4 мың адам, минус 22,3 пайыз).
Қылмыстық құқықбұзушылық жасағандардың ең азы Қызылорда облысында (1,2 мың адам, жылына минус 24,3 пайыз) тіркелген.
Құқықбұзушылық жасаған адамдардың ішінде 1 мыңнан астамы - кәмелетке толмағандар, 6,3 мыңы - әйелдер, 736 - оқушылар. 1,1 мың құқықбұзушы - ТМД азаматтары, 135 адам ТМД-дан тыс елдерден келген шетелдік азаматтар.
Жұмыс түрі бойынша 3,3 мың адамды - жұмысшылар, 822 адамды - мемлекеттік қызметкерлер, 639 адамды - жеке кәсіпкерлер, 37,8 мың адамды жұмыссыздар құрады.
Қылмыстық құқықбұзушылық жасағандардың ішінде ІІМ-нің 276 қызметкері, ҰҚК-нің 6 қызметкері, прокуратураның 4 қызметкері, Экономикалық тергеу қызметінің 8 қызметкері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 2 қызметкері, 8 әкім, 5 судья, 1 депутат, 6 сот орындаушысы болды.
Құқықбұзушылықтың ең танымал саласы - меншікке қарсы қылмыстық құқықбұзушылық: 29,8 мың адам - бір жыл бұрынғыға қарағанда 19,7 пайызға аз. Сондай-ақ, құқық бұзушылардың жеке басына қарсы қылмыстық құқықбұзушылықтары және халықтың денсаулығы мен имандылыққа қарсы қылмыстық құқықбұзушылықтары "жоғары бағаланады".
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также