ПОДЕЛИТЬСЯ
28 сәуір 2022 | 15:40
Қазақстан "Спутник V" вакцинасын сатып алуды жоспарлап отырған жоқ - вице-министр
Қазақстан "Спутник V" вакцинасын сатып алуды жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитария дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан "Спутник V" вакцинасын сатып алуды жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитария дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакциналардың 4 миллионнан аса дозасы бар.
"Олардың ішінде қытайлық Sinopharm вакцинасының 1,8 миллион дозасы, Pfizer вакцинасының 1,5 миллион дозасы және қазақстандық QazVac вакцинасының 800 000 дозасы бар. Бұл көлем вакцина мен ревакцинацияға жетеді", - деп жауап берді бас дәрігер журналистерге.
Сонымен қатар, Есмағамбетова Қазақстан 500 000 доза көлемінде QazVac вакцинасын шығара алатынын мәлімдеді. Бұл елдегі қажеттілікті өтеуге жетеді. Сондықтан вакциналарды қосымша сатып алудың қажеті жоқ.
Оның айтуынша, қажет болған жағдайда Қазақстан кәмелетке толмағандарға арналған вакцинаны сатып алады.
"QazVac әлі балаларға, жасөспірімдергі қолданылған жоқ. Бірақ технологиялар жетілдіріліп жатыр. Болашақта бұл вакцина балаларға арналып шығарылуы мүмкін. Ал ересек тұрғындарға арналған вакцина жеткілікті", - деп түйіндеді санитарлық дәрігер.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также