27 желтоқсан 2021 | 11:44

Қазақстан Стати ісі бойынша Нидерланды Жоғарғы сотында жеңіске жетті

Дина Шарипханова Корреспондент

Нидерланды Жоғарғы соты Амстердам Апелляциялық сотының Нидерландыдағы төрелік шешімді тану туралы шешімін жарамсыз деп таныды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нидерланды Жоғарғы соты Амстердам Апелляциялық сотының Нидерландыдағы төрелік шешімді тану туралы шешімін жарамсыз деп таныды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 2021 жылғы 24 желтоқсанда Нидерланды Жоғарғы соты Амстердам Апелляциялық сотының Нидерландыдағы төрелік шешімді тану туралы 2020 жылғы шешімін жарамсыз деп таныды.

"Нидерланды Жоғарғы соты Статидің істі қарау үшін тиісті сотқа жүгінбегенін анықтап, істі Амстердам округтік сотына берді. Бұл шешім төрелік шешімді тануды жою туралы Бельгия сотының шешімінен кейін көп ұзамай қабылданды. Бельгиялық сот Стати төрелік трибуналды ғана емес, төрелік шешімді тануды қарастыратын соттарды да алдады деген қорытындыға келді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Ведомство хабарламасына сүйенсек, жаңа сот талқылауында Қазақстан Нидерландыда алғаш рет Статидің алаяқтығы туралы барлық материалды ұсына алады.

"Статидің алаяқтық дәлелдемелері бірте-бірте белгілі болғандықтан, Қазақстан Статиге Нидерланды сотына барлық дәлелдемені ұсынуды бірнеше рет талап етті. Бұл сотқа тиісті бағалау жүргізу мүмкіндігін берер еді. Алайда Стати бұл талапты үнемі орындамай, соттан тиісті дәлелдерді әдейі жасырып келді. Жаңа талқылауда Қазақстан сотқа Статидің істі қарау кезінде өзінің алаяқтық әрекеттерін жасыру үшін Амстердам Апелляциялық сотын қалай алдағанын ашады", - делінген хабарламада.

Ведомство 2021 жылдың 16 қарашасында Брюссельдің апелляциялық соты Стати арбитражға дейін, оның барысында және одан кейін алаяқтық әрекеттер жасады деген қорытындыға келгенін жазды. Бельгия соты Статидің Қазақстанға инвестициялары теріс пиғылмен жүзеге асырылды деп қаулы етті. Сонымен қатар, сот бұндай инвестицияларға негізделген төрелік шешім алаяқтық жолмен алынды деген қорытындыға келді. Соттың пікірінше, төрелік трибунал шешімі төрелік талқылау болған жерде жойылған жоқ, өйткені Стати швед соттарын алдады. Сондай-ақ, сот талқылауы барысында Статидің мінез-құлық үлгісі дәлелдемелерді жүйелі түрде жасыруды және жаңылыстыратын жалған мәлімдемелер беруді қамтитыны расталды. Бельгиядағы сот шешімінің нәтижесінде Ұлттық Банктің 530 миллион АҚШ долларынан астам сомаға тең активтеріне заңсыз салынған тыйым алынып тасталды. Қазіргі уақытта Қазақстан Статиге қарсы шығындарды өтеу туралы талап арыз беріп, Статидің алаяқтық әрекеттері, соның ішінде төрелікке жұмсалған шығындар үшін өтемақы талап етті.

Бұған дейін, 2021 жылғы 2 желтоқсанда Люксембургтің Апелляциялық соты Статиге қарсы Люксембургтің құқық қорғау органдары бастаған қылмыстық тергеу аяқталғанға дейін төрелік шешімді тану және орындау туралы іс жүргізуді тоқтата тұру туралы шешім шығарды.

Нидерландыда бұған дейін де Статидің алаяқтық әрекеттері байқалып, әшкереленген. 2018 жылғы қаңтардағы шешімде Амстердам аудандық сотының төрағасы Стати сот алдында шындықты айту міндетін бұзды деген шешім шығарды. Кейіннен, сол шешімде сот Қазақстан Ұлттық банктің 22 миллиард АҚШ долларынан астам сомаға тең активтеріне заңсыз салынған тыйымды алып тастады.

Стати жеңілгенін мойындады: Ұлттық қор активтері бұғаттан шығарылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная