Қазақстан тағы бір елмен сотталғандарды алмаcуға келісті

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Перу арасындағы сотталғандарды беру және қылмыстық істер бойынша ынтымақтастық туралы шартты ратификациялауды мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Перу арасындағы сотталғандарды беру және қылмыстық істер бойынша ынтымақтастық туралы шартты ратификациялауды мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шартқа сәйкес, Қазақстан мен Перу сотталғандарды жазасын өтеу үшін өз еліне беретін болады. Сондай-ақ тараптар қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсетуге (ақпарат алмасу және тергеулерге жәрдемдесу) келісті.

"Бұл келісім екі ел арасындағы қылмыспен күрестегі ынтымақтастықтың тиімділігін арттырып, сотталғандарды өз елінде қоғамға қайта бейімдеуге ықпал етеді", – деді депутат Снежана Имашева.

Реклама
Реклама

Контекст

Қазақстан мен Перу бұл келісімді 2024 жылдың қазанында жасаған болатын. Бас прокуратура сол кезде заң бұзған кейбір қазақстандықтардың Латын Америкасы елдерінде жасырынуға тырысатынын хабарлаған еді.

Ұқсас келісім Бразилиямен де жасалған. Осындай құжаттарды Аргентина және Доминиканмен де жасасу жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама