ПОДЕЛИТЬСЯ
12 қараша 2024 | 11:07
Қазақстан ТЖМ өртсөндірушілерге дрондар сатып алады
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы екі дрон сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ТЖМ басшысы Шыңғыс Әрінов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы екі дрон сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ТЖМ басшысы Шыңғыс Әрінов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Материалдық-техникалық қамтамасыз етуді нығайту шеңберінде алғаш рет биік ғимараттарды сөндіруге арналған 2 өртке қарсы дрон сатып алынады. Биыл республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен, сондай-ақ лизингке 728 арнайы техника, 18 мыңнан астам құрал-жабдықтар сатып аламыз. Аудандық бөлімшелердің қажеттіліктері үшін техниканы бірінші кезекте бөлеміз", - деді министр.
Министрдің айтуынша, өрт сөндіру деполарының құрылысына жаңа стандарттар енгізіліп жатыр.
"Мысалы, биылғы тамыздан бастап Астанада 3,5 айда тез салынатын құрылымдардан тұрғызылған өрт сөндіру бөлімшесі жұмыс істейді. Мұндай құрылыс қағидаты барлық өңірде енгізілетін болады. Жалпы, еліміз бойынша 121 өрт сөндіру депосы қажет".
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также