13 шілде 2021 | 16:00

Қазақстан түрік мердігерлеріне жарты жылда 674 миллион доллар төлеген

© TENGRINEWS / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда түрік мердігерлері алған жобалардың жалпы құны жылдың бірінші жартысында 674 миллион долларға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Hurriyet Daily News сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда түрік мердігерлері алған жобалардың жалпы құны жылдың бірінші жартысында 674 миллион долларға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Hurriyet Daily News сайтына сілтеме жасап.

Түркияның мердігерлер одағының 2021 жылғы шілдедегі құрылыс секторын талдау жөніндегі есебіне енгізілген Түркияның сауда министрлігінің деректеріне сәйкес, бірінші жартыжылдықта түрік мердігерлері 33 елде 6,5 миллиард долларға 100 жобаны іске асырған.

Түрік мердігерлері үшін осы жылдың бірінші жартысында 1,3 миллиард долларлық жобаны сеніп тапсырған ең үлкен нарық - Замбия. Содан кейін Словения - 748 миллион долларға жоба. Қазақстан 674 миллион доллармен үшінші орында тұр.

Реклама
Реклама

Жобалардың құны бойынша алғашқы бестікке 543 миллион доллармен Әзербайжан мен 405 миллион доллармен Ресей кірді.

Түркияның мердігерлер одағы алдағы жылдары шетелдегі жобалар құнын 20 миллиард долларға жеткізуді мақсат етіп отыр. 

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Түркістандағы "Керуен-сарай" туристік кешенінің қабырғасы құлап жатқан кадрлар пайда болды. Суреттен қабырға жамылғысының артында пенопласт тәрізді материал қолданылғанын көруге болады.

Sembol construction түрік компаниясының басшысы Ибрахим Бей пенопласт тек сән үшін қолданылғанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная