ПОДЕЛИТЬСЯ
15 ақпан 2023 | 09:20
Қазақстан Түркияға 55 тонна гуманитарлық көмек жібереді
Қазақстан жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Түркияға 55 тонна гуманитарлық көмек жібереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Түркияға 55 тонна гуманитарлық көмек жібереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл мәселе ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдің төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссияның отырысында талқыланған.
"Гуманитарлық көмекте жалпы салмағы шамамен 55 тонна болатын киім-кешек (жылы күртешелер мен шалбарлар), қысқы шатырлар, металл кереуеттер, төсек-орын жабдықтары және басқа да күнделікті қолданысқа қажетті заттар бар.
Жүктер әуе көлігімен Түркияның Газиантеп қаласына жөнелтіледі", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также