04 наурыз 2022 | 17:47

Қазақстан Түркияға Ақтау мен Құрық порттарын белсенді пайдалануды ұсынды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: premierministr.kz

Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов Түркияға Ақтау және Құрық теңіз порттарын белсенді пайдалануды ұсынғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов Түркияға Ақтау және Құрық теңіз порттарын белсенді пайдалануды ұсынғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, қазіргі жағдайда еліміздің транзиттік әлеуетін іске асыру үшін Қазақстан, Әзербайжан, Грузия, Түркия аумақтары арқылы Еуропа елдеріне өтетін Транскаспий халықаралық көлік бағыты көп мүмкіндіктер береді.

"Осы тұрғыда Ақтау және Құрық теңіз порттарын одан ары Баку-Тбилиси-Карс теміржол желісі арқылы жүктерді жөнелту бойынша белсенді пайдалануды ұсынамыз", - деді Үкімет басшысы.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Қазақстан санкцияға байланысты Ресейде тұрып қалған жүктерді Латвияның Рига, Венстпилс және Лиепая порттарына бағыттайтыны хабарланған болатын. Ол үшін Латвияның теңіз порттарынан тиісті келісім алынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная