ПОДЕЛИТЬСЯ
07 тамыз 2021 | 14:40
Қазақстан Түркияға көмектесу үшін тікұшақтар мен құтқарушылар жібереді
Қазақстан Түркияға көмектесу үшін тікұшақтар мен құтқарушылар жіберді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан Түркияға көмектесу үшін тікұшақтар мен құтқарушылар жіберді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша орман өрттерін сөндіруге көмектесу үшін Түркия Республикасына "Қазавиаспас" АҚ екі Ми-8 АМТ тікұшағын және 16 құтқарушыдан тұратын жедел топ жіберді.
"Қазақстандық тікұшақтар бүгін ұшып кетті және үш елдің шекарасы арқылы Түркияның Мугла қаласына жетеді. ТЖМ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев жедел топты Нұр-Сұлтан әуежайында шығарып салды. Біздің құтқарушылардың жергілікті билікпен сол жердегі өзара әрекетін Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігі үйлестіреді", - деді Уәли.
Сондай-ақ, Қазақстан өртенген аймақтардағы орман жамылғысын қалпына келтіру үшін гуманитарлық көмек көрсетпек. Отырғызылған орман Қазақстан мен Түркия халықтарының достығы мен бауырластығын бейнелейді.
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также