ПОДЕЛИТЬСЯ
01 наурыз 2024 | 09:31
Қазақстан уақытты өзгертті: сағат қанша болды?
1 наурызда сағат 00:00-ден бастап бүкіл Қазақстан бойынша бірыңғай уақыт белгіленді. Қазақстан UTC +5 уақыт белдеуіне ауысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
1 наурызда сағат 00:00-ден бастап бүкіл Қазақстан бойынша бірыңғай уақыт белгіленді. Қазақстан UTC +5 уақыт белдеуіне ауысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандықтар сағат тілін ауыстырған сәтте қазіргі уақытты бағдарлай алуы үшін сайтта онлайн сағатты жариялаймыз.
Маңызды ескерту: дәл уақытты көру үшін бетті жаңартуды ұсынамыз.
(Секундтар мен минуттар сайттың фондық және қолданба жаңартуларына байланысты нақты уақыттан өзгеше болуы мүмкін.)
Сағатыңыздағы уақытты жаңартуды ұмытпаңыз. 1 наурызда сағат 00:00-де жергілікті уақыт бір сағатқа артқа жылжыды. Бұл келесі қалалар мен аудан тұрғындарына қатысты:
- Астана;
- Алматы;
- Шымкент;
- Ақмола облысы;
- Алматы облысы;
- Жамбыл облысы;
- Қарағанды облысы;
- Қостанай облысы;
- Павлодар облысы;
- Солтүстік Қазақстан облысы;
- Түркістан облысы;
- Шығыс Қазақстан облысы;
- Абай облысы;
- Жетісу облысы;
- Ұлытау облысы.
Тек Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының тұрғындары ғана сағат тілін жылжытпайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также